kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі

2023 жылғы 20, 21 мамырда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде өткізілетін «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестиваліне қатысты.

Колледж оқытушылары мен студенттері фестиваль қатысушыларын – мектеп түлектерін, ата-аналарды, біздің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Шұғыл көмек көрсету, инъекция жүргізу бойынша мастер-класстар өткізді, болашақ орта медициналық мамандарға практикалық дағдыларын пысықтау және симуляциялық оқыту үшін муляждарын көрсетті.