kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Салауатты өмір салтын насихаттау – біздің болашақ ісіміз» тақырыбында республикалық онлайн эссе байқауы

2023 жылдың 25-27 сәуір аралығында медицина колледжінің «Гигиена және эпидемиология» мамандығының студенттері арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау – біздің болашақ ісіміз» тақырыбында республикалық онлайн эссе байқауы өтті. Ұйымдастырушы: Шымкент қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК.

Байқаудың мақсаты – таңдаған мамандығына деген қызығушылықты ояту, өз көзқарасын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру және халық арасында салауатты өмір салтының беделін арттыру.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан осы конкурсқа 22-20 «ГиЭ» тобының студенті – Карлинова Луиза қатысты, оның жұмысын қазылар алқасы көптеген қатысушылар арасында I орынмен бағалады!

Колледж әкімшілігі Карлинова Луиза мен оның ғылыми жетекшісі Байбекова Бақыт Қабдошқызын олардың жұмысын жоғары бағалауымен құттықтайды. Байқаудағы жеңіс – студенттеріміздің шығармашылық қабілеттерінің жарқын көрінісі! Барлықтарыңызға оқуда табыс және колледждің ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!