kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледж кітапханашысы ҚР-ның Оқу ағарту министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды

Тайшибекова Әлия Саяқбайқызы – Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК кітапханашысы ҚР-ның Оқу ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асырудағы кәсіби шеберлігі, колледж студенттеріне көркем шығармаларды оқытудағы жетістіктері, жас ұрпақты әдебиет арқылы тәрбиелеудегі қол жеткізген нәтижелері үшін құрмет грамотасымен марапатталды

Кітапханашы ретінде жалпы еңбек өтілі 14 жылдан аса. Әлия Саяқбайқызы өзінің еңбек жолын Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында бастады, кейін С. Бегалин атындағы Қалалық балалар кітапханасында жұмысын жалғастырды, біздің Колледжде Әлия Саяқбайқызы 6 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Колледж кітапханашылары өздерінің қызметтерін көрсету бойынша колледждің ішкі іс-шараларына белсенді қатысады, мысалы, 2023 жылы келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
– Әбдірахман Асылбектің 85 жылдығына арналған «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби кеші;
– Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу сайысы;
– М.Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» поэзия кеші.