kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Еңбек ардагері»

2023 ж. 12 мамырда «Concordia» студенттік театрында Алматы қ. әкімдігі мен Алматы қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған Халықаралық мейірбике күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік концерттен басқа, кеш қонақтарына Алматы қ. әкімінің алғыс хаттары, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілері табыс етілді. Мерекелік концерттің құрметті қонақтары арасында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Хирургиядағы Мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы Юсупова Назира Маусымханқызы болды, оған «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

Назира Маусымханқызының жалпы жұмыс өтілі 45 жылды құрайды, әр жылдары ол: мейірбике, бас мейірбике, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 14 жыл бойы Назира Маусымханқызы біздің колледжде сабақ беріп, студенттермен баға жетпес тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Колледж әкімшілігі Назира Маусымханқызын құттықтайды! «Еңбек ардагері» медалі сіздің одан әрі табыстарға жетелейтін ынталандырушы болып, баршамызға үлгі болсын! Сәттілік әрқашан сереігіңіз болып, ең өршіл жоспарларыңызды тезірек жүзеге асырыла берсін!