kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қазақтың текті қырандары!» тақырыбында дөңгелек үстелі

3-мамыр, Жеңіс күні қарсаңында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Қазақтың текті қырандары!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елін, жерін қорғаған батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Кеңес Одағының батырларының ерліктері туралы ой ортаға салынды. 100-жылдық мерейтойлары атап өтілген Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың және қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың ерлігі, қайсарлығы туралы колледж оқытушылары мен білім алушылардың арасында пікір алмасты, қызықты, тың деректер айтылды.