kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Әбдірахман Асылбектің 85 жылдығына арналған «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби сазды кеші

03.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да қазақ поэзиясының ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, “Үздік балалар ақыны” атағының иегері Әбдірахман Асылбектің 85 жылдығына арналған «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби сазды кешіміз өтті.

Мақсаты: #оқуғақұштарколледж жобасын аясында ақын-жазушы артына айрықша өшпейтін із қалдырған Ә. Асылбектің өмірі мен шығармашылық мұралары туралы мәлімет беру, поэзия әлемімен, әндерімен, ертегілерімен таныстыру. Студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу, оқу сауаттылығын дамыту кітап оқуға шақыру.

Кеш қонақтары: Ә. Асылбектің жары – Фатима Бақтайқызы Ахымбекова; қызы- Айнат Әбдірахманқызы; ұлы – Албан Әбдірахманұлы; белгілі әнші, сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының иегері, ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері – Медеу Арынбаев.

Ахымбекова Ф.Б. кітапхана қорына Ә. Асылбектің 10 томдық «Жыр жинағын» сыйға тарту етті. Колледж білімалушылары ақынның «Жеті өнерпаз» атты ертегісінен қойылым көрсетті, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кеш қонағы сазгер, әнші Медеу Арынбаев ақын туралы естелік әңгімелерімен бөлісіп, ақынның сөзіне жазылған «Ардағым да сен», «Алматы – мәңгі жыр қала» әндерін орындады.