kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Абайтану» онлайн олимпиадасы

04.04.2023 ж. «Мұрагер» Республикалық журналының ұйымдастыруымен мектеп, колледж және ЖОО-ның 1-4 курс студенттері мен оқытушылары арасында «Абайтану» онлайн олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Бұл олимпиадаға Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері мен оқытушылары қатысты, олардың жұмыстарын байқаудың қазылар алқасы төмендегідей бағалады:

– «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 1 орынды «СД 22-7» тобының студенті Әкімхан Көркем иеленді;
– «Көңілім енді ұғады» номинациясы бойынша 1 орынды «СД 22-9» тобы Қуат Еларан иеленді.
– «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 2 орын Мұхаметқаз Диар, «СД» 22-7.
– Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тажиев Ербол Елгондыұлы «Үздік Мақала» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.

Студенттерімізді, сондай-ақ жетекшілерін жұмыстарын жоғары бағалағандарымен құттықтаймыз! Біз барлық студенттерді біздің үміткерлерімізден үлгі алуға, колледждің қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенді болуға шақырамыз! Бұл жеңіс әлі алда көп жеңістердің бірі болсын!