kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Бос орындар жәрмеңкесі

2023 жылғы 13 сәуірде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 327 түлек және қаланың медициналық ұйымдарының 29 өкілі қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласының штаттан тыс бас медбикесі Г. С. Кожаканова ашты, сонымен қатар №7, №10, №11, №12, №23, № 25, №29 қалалық емханалары, №5 ҚКА, балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы, «Персона» ЖШС, «Достар Мед» МО және т. б. өз ұйымдары туралы ақпарат берді.

Бұл іс-шара болашақ мамандарға жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға, қол жетімді жұмыс орындары туралы білуге, жұмыс жағдайларын талқылауға және тағы басқаларға ерекше мүмкіндік берді.

Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша түлектердің бір бөлігі болашақ жұмыс орындарында №11 ҚЕ, №26 ҚЕ, №29 ҚЕ, «Персона» ЖШС-де диплом алдындағы тәжірибеден өтеді.

Түлектерді жұмысқа орналастыру саласындағы серіктестер мен медициналық ұйымдарды ынтымақтастыққа шақырамыз!