kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Буллинг, кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыптарында кездесу

2023ж. 14 сәуірде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ ‘’Жоғары медициналық колледжі’’ КМК кәмелетке толмаған 1,2 курс студенттер арасында «Құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік», «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік», «Буллинг, кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыптарында Медеу ауданы ЖПКБ ЮПБ аға инспекторы; полиция майоры Жумагалиева Б.С. және Полиция капитаны Жумашов Б.Е. қатысуымен кездесу өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуін азайту және олардың алдын алу тиімділігін арттыру болып табылады. Студенттердің құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі жастардың құқықтық санасын дамытуға, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға және заңға құрметпен қарауға көмектеседі.

Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне осындай маңызды әңгіме өткізгені үшін алғыс айтамыз және бұл студенттерімізге жауапты азамат болуға және қоғамымызда заң мен тәртіпті сақтауға көмектесетініне сенімдіміз.