kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Адам анатомиясы» оқулығының авторы, м.ғ.к. К.Ә. Оспановнаның студенттермен кездесу

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында 20 сәуір күні №2 ЦӘК оқытушылары «Адам Анатомиясы» оқулығының авторы м.ғ.к. Ә.О.Күзенбаева мен кездесу өтті. Әмина Оспановна колледжімізде 1992-2015 жылдар аралығында «Адам анатомиясы» пәнінен ұстаздық етті. Ұзақ жылдар бойы әріптес болған Карбаева Майране Сейдахметовна мен Әмина Оспановна қызықты сәттерді білім алушылармен бөлісті.

Өткен кездесуде анатомия пәнінен жас ұстаздар және 1-2 курс студенттері авторға сұрақтар қойып, кітап жазу кезіндегі қиындықтар және жетістіктерімен, болашақта болатын «Адам анатомиясы» кітабының жаңартылған нұсқасы туралы ойларын ортаға салды. Жоғары медициналық колледжі ұжымы атынан ардақты ұстазымыз Күзенбаева Әмина Оспановнаға жас білім алушылар мен кездесуге келіп, ақпараттармен бөліскеніне шексіз алғысымызды білдіреміз.