kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Денсаулық» тақырыбында плакаттардың көркем көрмесі

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 75 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу шеңберінде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында 7-11 сәуір аралығында №2 ЦӘК оқытушылары «Денсаулық» тақырыбында плакаттардың көркем көрмесін ұйымдастырды. Оған 20 топтың 1-2 курс студенттері қатысты.

Бұл көрме біздің болашақ мамандығымызға қаншалықты талантты және ынталы студенттерді оқытып, тәрбиелейтінімізді көрсетті.

№2 ЦӘК оқытушыларына және осы көркемсурет көрмесіне қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай бастамалар жалғасады және студенттеріміздің кәсіби және жеке тұлға ретінде дамуына көмектеседі деп үміттенеміз.