kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

TedX форматында кездесу

2023 жылдың 31 наурызында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” КМК “SANALY URPAQ” еріктілер клубының ұйымдастыруымен 1-2 курс білім алушыларының қатысуымен TedX форматында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесу колледжіміздің және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегі, қазіргі таңда колледж оқытушысы Тұрдықұл Дастан Ғалымұлы  шақырылып, жастарды өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып әрбір азаматтың білікті де білімді маман  болуына шақырды.