kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс

2023 жылғы 28 наурызда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттеріне «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Шақырылған дәріскерлер Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» КМК психологтары – Әміртай Мөлдір Әнуарқызы және Батырханова Әдемігүл Сейлхановна болды. Колледждің әлеуметтік педагогы Бейсембаева Шынар Құмарбекқызы студенттерге қосымша дәріс оқыды.

Кәмелетке толмағандардағы депрессияның алдын алу суицидтің алдын алудың ажырамас бөлігі болып табылады. Депрессияның алдын алуда ата-аналар үлкен рөл атқарады. Жасөспірімде көңіл – күйінің төмендеуі және депрессиялық жағдайдың басқа да белгілері пайда болған кезде, оған осы жағдайдан шығуға көмектесу үшін дереу шаралар қабылдау қажет, оның бұл күйден шығуына көмектесетін шараларды қабылдау қажет, қажет болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгіну керек.

Ата-аналарға бірнеше кеңестер:
• ешбір жағдайда кәмелетке толмаған баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға байланысты шешілмеген мәселелерді қалдырмауға;
• ата-аналарға өздерінің жетістіктері туралы ғана емес, мазасыздық, күмән және қорқыныш туралы айту әдетін дамыту;
• физиологияның әртүрлі мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беруге кешікпеу.