kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты плакаттар байқауы

2023 жылдың 15-20 наурызда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты плакаттар байқауы өтті.

Байқау «Sanaly Urpaq» студенттік клубының жоспарына сәйкес өткізілді, оның мақсаты: патриоттық тәрбие – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту.

Байқау нәтижелерін қазылар алқасының келесі мүшелері бағалады:
• Рудакова В.А. – Стратегия және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы;
• Байдильдаева М.Б. – оқу-әдістемелік орталықтың әдістемелік жұмыс жөніндегі бас маманы;
• Китуева С.С. – Ақпараттық технологиялар маманы;
• Қожахмет Д. – Студенттік «Көркемсурет клубының» жетекшісі.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделер келесідей бөлінді:
1 орын – «MI 22-9» тобы,
2 орын – «ЕІ 20-1» тобы,
3 орын – «ЕІ 22-010» тобы.
Жеңімпаздарды және байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Біздің студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін тағы да көрсетті! Барлығына қатысқаны үшін алғыс айтамыз!