kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кеші

16.02.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кешіміз өтті.

Мақсаты: М. Мақатаевтың поэзия әлеміне, әндері мен поэмаларымен таныстыру, студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу, кітап оқуға шақыру. Ұйымдастырушылар: Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі, кітапхана қызметкерлері және қазақ тілі пәнінің оқытушылары.

Кеш қонақтары: М. Мақатаевтың ұлы – Жұлдыз Мақатаев және Фатима Ахымбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі ақын Ә. Асылбековтың жары.

Ж. Мақатаев кітапхана қорына М. Мақатаевтың «Есіме мені алғайсың», Н. Оразалиннің «Уақыт жаратқан ұлы жыр» кітаптарын сыйға тарту етті. Ахымбекова Ф. Б. кітапхана қорына Ә. Асылбековтың «Ағынан ақтарылып» атты кітаптарын сыйға берді.

Колледж білімалушылары «Қош махаббат» пьесасынан үзінді қойылым көрсетті, поэмасы мен өлеңдерін оқыды.