kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледж қызметкерлерінің Алматы қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманымен кездесуі

14 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да колледж қызметкерлерінің Алматы қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Дуйсебаевым Ильяс Бағланұлымен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты: бастапқы декларацияны тапсырудың негізгі мәселелері, «e-Salyk Azamat» мобильді қосымшасын пайдалану жөніндегі Нұсқаулық түсіндірме әңгіме.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады, оған келесі тұлғалар кіреді:

  • мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың қызметкерлері, дәрігерлер, педагогтар және т.б., яғни бюджеттен жалақы алатын барлық қызметкерлер) жатады);
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, Ақ, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтер, сондай-ақ олардың еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалары жатады).