kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Латын тілі бойынша ашық қорытынды сабағы

2023 жылғы 10 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №4 «Арнайы пәндер» ЦӘК-нің жоғары санатты оқытушы М.С. Карбаева фармация бөлімшесінің 22-19 тобында латын тілі бойынша ашық қорытынды сабақ өткізді.

Сабақ әртүрлі оқыту әдістерін: КАНООТ әдісін, топтық жұмысты, шығармашылық элементтерді (эссе жазу, «Gaudeamus» студенттік әнұранды орындау, дайындалған портфолиоларды, презентацияларды көрсету) т.б. әдістерді пайдалана отырып өткізілді. Тапсырмаларға тақырыптың барлық бөлімдері бойынша сұрақтар енгізілді: анатомиялық, клиникалық және фармацевтикалық терминология.

Ашық сабақ соңында 27.12.2022 ж. өткізілген Латын тілі олимпиадасының қорытындысы шығарылды.
• Беслуцкая Камила -1 орын, диплом;
• Сейіт Улдана – 2 орын, диплом;
• Жанболатова Милана -3 орын диплом;
• Берушева Диана – үздік эссе үшін, грамота;
• Ушурова Диляра – қатысқаны үшін, алғыс хат;
• Тоқбаева Даяна – белсенді қатысқаны үшін, грамота.