kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мамандығым – мақтанышым» атты іс-шара

2023 ж. 10 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Халықаралық стоматологтар күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға шығармашылық нөмірлер дайындаған «Д 22-08», «Д 22-014» және «Д 21-09» топтарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Концерт аясында № 4 ЦӘК «Стоматология» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы, стоматолог-терапевт Султан Елнура Елдосқызымен кездесу өтті. Колледж кітапханашылары «Оқуға құштар колледж» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, қазақстандық стоматолог-ғалымдардың еңбектерін ұсынды.