kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Директордың 2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі

2023 ж. 16 қаңтарда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Актаева Лязат Мейрашевна 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ұжымының алдында есеп берді.

Кездесу аралас форматта (офлайн/онлайн) өткізілді, оған әкімшілік-басқару персоналы, колледж оқытушылары, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Имангалиева Назгул Мелисовна қатысты.

Есепте білім беру процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық, сондай-ақ колледжді ресурстық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 2022 жылға арналған стратегиялық даму жоспарды іс-шараларын іске асыру шеңберінде Колледж мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

  • 2021 жылмен салыстырғанда білім алушылар контингентін 11,5% ұлғайту;
  • Білім беру қызметтерінен түсетін кірістің өсуі (мемлекеттік тапсырыс 28%-ға, ақылы қызметтер 8%-ға);
  • Колледж студенттері қалалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Almaty 2022» кәсіби чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды;
  • Клиникалық базалар саны 44-тен 80-ге дейін өсті;
  • Бірыңғай көпсалалы Симуляциялық орталық ұйымдастырылды;
  • Халықаралық мейірбике күніне орайластырылған «Мейірбикелік технологиялар: теория және практика» халықаралық қатысуымен өңірлік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы шығарылды.
  • Колледж электронды құжат айналымы жүйесіне көшті.

Есеп соңында Лязат Мейрашевна колледж ұжымына табысты атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, келесі жылы бұдан да жоғары көрсеткіштерді көрсетуге тілек білдірді.