kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері

2022 жылдың 26 ​​желтоқсанында Алматы қ. ҚДБ  ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытушылар мен әкімшілік-басқару персоналына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құзыреті, терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы оқу-жаттығу өткізілді.

Лектор Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің подполковнигі Досов Ранат Жәнібекұлы болды, ол өз дәрісінде келесі мәселелерді көтерді:

  • объектіні антитеррорлық қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шаралары;
  • ықтимал террористік қауіп кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
  • терроризм мен экстремизмнің алдын алу.