2022 жылдың 26 желтоқсанында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытушылар мен әкімшілік-басқару персоналына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құзыреті, терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы оқу-жаттығу өткізілді.
Лектор Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің подполковнигі Досов Ранат Жәнібекұлы болды, ол өз дәрісінде келесі мәселелерді көтерді:
- объектіні антитеррорлық қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шаралары;
- ықтимал террористік қауіп кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
- терроризм мен экстремизмнің алдын алу.