kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Өмір зертханасы» тақырыбында «Биология» пәнінен олимпиада

2022 жылдың 13-15 желтоқсанында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері арасында «Өмір зертханасы» тақырыбында «Биология» пәнінен олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты – биология пәніне танымдық қызығушылықты ояту, білім сапасын арттыру. Олимпиадаға барлығы 21 оқушы қатысты.

Олимпиаданың міндеттері: Биология пәнінен алған білімдерін тиянақтау және жүйелеу, оқушылардың практикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Бас-жүлдемен ЕІ 22-03 топ студенті Аматжанова Аделина марапатталды, ғылыми жетекшісі: Бейсекенова Ж.С.

  • 1-ші орынды МІ 22-6 тобының студенті Даниярқызы Нұрия иеленді. Ғылыми жетекшісі: Л.А.Сылтаубаева.
  • 2 орынды МІ 22-9 тобының студенті Қахарман Тоғжан иеленді, Жетекшісі: Нышанова Г.А.
  • 3 орынды МІ 22-7 тобының студенті Әкімхан Көркем мен ЕІ 22-3 тобы студенті Саламова Радмила иеленді, жетекшілері: Сылтаубаева Л.А. Бейсекенова Ж.С.