kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Қасен Рамазан жүлделі 2 орынға ие болды

13-14 желтоқсанда Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің базасында студенттер арасында математика пәнінен Олимпиада өтті. Олимпиадаға Алматы қаласының 18 колледжінің үздік студенттері қатысты. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1 курс студенттері Қасен Рамазан, ғылыми жетекшісі Айтахунова Гаухар Баудынбайқызы және Рахимжанова Рамина, ғылыми жетекшісі Саитова Мирвангуль Мәсімжанқызы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің колледждің «ЛД 22-2» тобының студенті Қасен Рамазан жүлделі 2 орынға ие болды, Рахымжанова Рамина қатысу сертификатымен марапатталды. Колледж ұжымы біздің студенттер мен оқытушыларды құттықтайды.