29 қарашада Алматы электромеханикалық колледжінің базасында Алматы қ. колледж студенттері арасында Тоғызқұмалақтан турнирі өтті. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан турнирде Әлмерек Арайлым, Әшімбек Аяулым және Барат Сая өнер көрсетті.
Жарыс 19 Қалалық колледждің үздік ойыншыларын бір шаңырақ астына жинады. Турнир қорытындысы бойынша жоғары санатты дене шынықтыру оқытушысы Идришев Рауан Базарханұлының жетекшілігімен колледжіміздің командасы жүлделі 2 орынға ие болып, жетістіктер мұражайын жаңа кубокпен және грамотамен толықтырды.
Колледж әкімшілігі студенттерімізді тоғызқұмалақтан турнирде 2 орынмен құттықтайды! Сізге әрқашан сенімді және батыл болуға тілектеспіз! Сәттілік әрқашан сіздің жағыңызда болсын!
Тоғызқұмалақ — қазақ халықтық логикалық үстел ойыны. Ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолданады. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар тактикаға да негізделген. 2020 ж. ЮНЕСКО бұл ойынды материалдық емес мұралардың өкілдік тізіміне енгізді.