kkruen
acollege@yandex.kz +7 (727) 387-10-11

«EdCrunch Reload 2022. Merging Minds & Technology» халықаралық конференция

2022 ж. 23-24 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қызметкерлері «EdCrunch Reload 2022. Merging Minds & Technology» білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар: «EdCrunch Academy» заманауи білім беруді дамыту институты, Алматы қаласының әкімдігі, «Ашық мектеп» платформасы, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры және «Aman Sultan» функционалдық сауаттылықты дамыту тренажері.

Республика сарайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен халықаралық конференция ашылды.

«EdCrunch» алаңы педагогтарды, жалпы, жоғары, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдерін, бейінді министрліктерді, IT-компаниялар мен корпоративтік университеттердің басшыларын, HR-директорларды және L&D-әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіреді.

Республика Сарайының, «Қазақстан» қонақ үйінің және Novotel Almaty алаңдарында бес тақырыптық трек: ерте балалық шақ, мектепте білім беру, жоғары білім, корпоративтік оқыту және EdTech бойынша әлемнің жетекші спикерлерімен 120 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптары өтеді. Конференция күндері қонақтарды EdTech Cases стартаптарының тұсаукесерлері үшін ашық сахна және EdCrunch Expo интерактивті көрмесі күтеді, оның шеңберінде офлайн және онлайн режимінде жаңа EdTech-өнімдерімен және олардың жасаушыларымен танысуға, кездесулер өткізуге, жеткізушілер мен серіктестер табуға болады.