kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

2022 ж. 15 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК кәмлетке толмаған 1,2 курс білім алушы студенттер арасында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында Медеу ауданының полиция майоры Мұратханқызы Бақыт және полиция капитаны Нұрымбетова Айгуль Бұхарбайқызының қатысуымен кездесу өтті.

Біз қазіргі дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе бұл туралы ашық түрде айту әдеттегідей емес, бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығын, әркімнің өз ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екенін реттейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.