kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мен – көшбасшымын!» атты мектеп / студенттік парламенттер көшбасшыларының слеті

2022 ж. 11 қарашада Алматы қ. білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Мен – көшбасшымын!» атты мектеп / студенттік парламенттер көшбасшыларының слеті өтті. Слет аясында «Оқушылардың/студенттердің өзін-өзі басқаруы білім алушылар тобының тіршілік әрекетін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында көрмесі өтті. Іс-шараны «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК белсенді студенттері осы іс-шараға қатысты, онда келесі спикерлер сөз сөйледі:

  • Нұрғали Асанұлы Тұрымбетов – №81 мектеп-гимназиясының директоры. Баяндама тақырыбы: «Жетістікке жетудің қадамдары»;
  • Айтуар Асқарұлы Кошмамбетов – Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры. Баяндаманың тақырыбы: «Көшбасшылық. Көшбасшының бойындағы қасиеттер»;
  • Азамат Айнабеков – «Елбасы медалі» жобасының тәлімгері. Баяндаманың тақырыбы: «Мақсат қою және жоспарлау»;
  • Еркін Есіл – 2 курс студенті, Сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттік парламентінің президенті. Баяндама тақырыбы: «Колледжде өзін-өзі басқаруды дамыту»;
  • Камышева Юлия – 11 сынып оқушысы, №46 гимназияның мектеп парламентінің президенті. Баяндаманың тақырыбы: «Факторы успешной деятельности Школьного Парламента».

Студенттердің өзін-өзі басқаруы өз бетінше бастама көтеруге, шешім қабылдауға және сол шешімді студенттер ұжымының мүддесі үшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі басқаруға қатысу нақты және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді, студенттердің әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.