kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қалаусыз жүктіліктің алдын алу. Контрацепция әдістері»

2022 ж. 02 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері үшін «Қалаусыз жүктіліктің алдын алу. Контрацепция әдістері» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріскерлер:

  • Қаржаубаева Шолпан Естемесқызы – Жастар денсаулығы ресурстық орталығының басшысы;
  • Райымбекова Назерке Алтынханқызы – гинеколог;
  • Ақшалова Елена Владимировна – психолог.

Жасөспірімдердің жүктілігі тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселе. Ерте жүктіліктің нақты себептері биологиялық емес, әлеуметтік аспектімен байланысты. Жасөспірім кезіндегі жүктіліктің себептері – сексуалдық тәрбие мен білімнің жеткіліксіздігі.

Ерте жүктілік 13 пен 18 жас аралығындағы жүктілік деп аталады. Ерте жүктіліктің алдын-алу мектептен жүргізілуі керек, өйткені аборт болашақ ананың денсаулығына зиянды. Ерте жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның заманауи әдістері туралы айта алатын мамандардан кеңес алу керек.