kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге арналған конкурс

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге арналған конкурс (азаматтық-құқықтық шарт)

Ұйым: Оқу-әдістемелік орталығы Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК

Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы (24.10.2022 ж өзгерістерімен). Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы қосымша білім беруді (оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдерде) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар өткізеді.

Қосымша білім беру саласындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: практикалық денсаулық сақтау мамандарын қоспағанда, оқытушылардың мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл қосымша жұмыс тәжірибесінің және кемінде 3 жыл ғылыми – педагогикалық өтілінің болуы, сондай-ақ оқытатын бейіні бойынша соңғы 5 жыл ішінде кемінде 4 кредиттің (120 сағат) біліктілігін арттыруы;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: 

  1. резюме суретімен;
  2. жеке күәлігінің немесе (паспорт) көшірмесі;
  3. білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі және т.б.).

Анықтама телефондары : +7 (727) 387-10-11; +7-701-731-31-44; +7-702-397-14-43;

Мекен жайы: Алматы қ., Л.Чайкина көшесі, 12а, дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің әдістемелік жөніндегі бас маманы  (кабинет № 205), қабылдау уақыты 09.30-17.30 сағ.