12.09-16.09.2022ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Алматы қ. ДСБ «№ 7 Қалалық клиникалық аурухана» КМК базасында жалпы практика дәрігерлері мен МСАК терапевтері үшін «Гемобластоздарды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды.
Мастер-классты отандық жетекші мамандар м.ғ. д., жоғары санатты дәрігер — Рамазанова Райгуль Мухамбетовна (С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) және сүйек кемігінің гемобластоздары мен трансплантологиясын емдеу жөніндегі клиникалық хаттамалардың әзірлеушісі, бірінші санатты дәрігер, магистр — Вильданова Рузаль Фауатовна (Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық) болып табылады.
Бағдарламаны игеру нәтижесінде тыңдаушылар лейкоздардың, созылмалы миелопролиферативті аурулардың дианостикасы мен емі бойынша білімдерін жетілдірді.
Материалдар барлық тыңдаушылар үшін көрнекі, клиникалық жағдайларды талдау, кейіннен пациенттерге кеңес пен ұсыныстар беру арқылы қол жетімді бола білді.
Тыңдаушылардың сауалнамасының қорытындысы бойынша бұл мастер-класс «қызықты, пайдалы, мазмұнды, әдістемелік тұрғыдан дұрыс, логикалық дәйектілікпен, өз жұмысының сапасын жақсарту үшін өз тәжірибесіне біріктіруге болатын заманауи емдеу қағидаларымен жасалынған” -, деп бағаланды. Сонымен қатар, тыңдаушылар өз пікірлерін де қалдыра өтті: «Тақырып мүмкіндігінше егжей-тегжейлі және қол жетімді жасалвнған, рахмет!», «Осындай шеберлік сағаттары өз жалғасын табуы керек!», «Материалды ұсынудың қолжетімді түрі үшін алғыс айтамыз және осындай оқытуды жиі өткізуді сұраймыз!».
Алынған білім біздің тұрғындардың денсаулығы үшін қызмет ететініне қуаныштымыз! Алматы қаласының әкімдігіне қала дәрігерлерінің біліктілігін арттыруға бөлінетін нысаналы қаржы қаражаты үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!