kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Амбулаториялық жағдайда тәуелсіз мейірбикелік тәжірибе»

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК оқу-әдістемелік орталығы қаланың амбулаториялық-емханалық ұйымдары үшін «Амбулаториялық жағдайда тәуелсіз мейірбикелік тәжірибе» тақырыбында семинар-тренингтер өткізуді жалғастыруда.

Аталған семинар-тренинг бас дәрігерлердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасарлары, бас мейіргерлері, аға мейіргерлері, кеңейтілген практика мейіргерлері, мейіргер ісінің үйлестірушілері үшін ұйымдастырылуда.

Кезекті семинар-тренинг 08.09 — 13.09.2022ж. аралығында Алматы қ. ШЖҚ «№ 10 Қалалық емхана» КМК базасында өтті.

Мейірбикелік қызметтің жаңа моделін қалай енгізуге болады? Ұйымдастырушылық құрылым және штат кестесі қандай болуы қажет? Кеңейтілген практикадағы мейірбикелік практиканың дәлелді құралдары қандай?

Клиникалық мейірбикелік нұсқаулықтар, операциялық процедуралардың стандарттары, мейірбикелік құжаттама, мейірбикелік практиканың халықаралық жіктеуіші «Clinical Care Classification» медбикелер жұмысындағы құралы және басқа да көптеген құралдары туралы спикерлер сөз сөйледі.

Семинар-тренинг соңында тыңдаушылар өз әсерлерімен бөлісе отырып, жылы лебіздерің білдірді:»Өте тамаша цикл: қол жетімді түрде көптеген теориялық материалдар ала алдық»,»Тың ақпарат алғаныма қуаныштымын», «Көптеген пайдалы дағдыларға ие болдым, рақмет.»

#мейірбикеісіндамыту