Қыркүйектің 22-і «Жоғары медициналық колледж» кітапханасында бірінші курс студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Кітапхана меңгерушісі Қарлығаш Оңғарбаевна студенттерді кітапхананың құрылымымен, оқырманның ережелерімен және міндеттерімен, кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырды.
Студенттер заманауи тұрғыда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша дайындалған электронды кітаптар туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады. Ол туралы толық мәлімет алып, оны қалай жүктеп алуға болатыны үйретіліп, көрсетілді.
Іс-шара жаңа оқырмандарды «Ақнұр пресс» электронды сайтына тіркеумен және оқулықтарды берумен аяқталды.