kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Амбулаториялық жағдайда тәуелсіз мейіргер практикасы»

ҚР ДСМ «Мейіргер ісіндегі білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлығы» Жол картасын орындау мақсатында Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да 2022 жылғы 29 маусымда «Амбулаториялық жағдайда тәуелсіз мейіргер практикасы» тақырыбы бойынша жұмыс оқу бағдарламасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Тұсаукесердің мақсаты-мейірбике ісін дамыту, бастапқы буындағы медициналық ұйымдарда Тәуелсіз мейірбике практикасын енгізу. Қазіргі уақытта ҚР – да қолданбалы бакалавриат деңгейі бар мамандар-кеңейтілген практиканың медбикелері даярланды, олар тәуелсіз мейіргерлік практиканы енгізу арқылы медициналық қызметтер нарығында сұранысқа ие болуы тиіс.

Спикерлер ретінде:
– Актаева Лязат Мейрашевна -профессор, м. ғ. д., Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры;
– Смаилова Дарига Сансызбаевна -PhD, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» ҚМУ Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика кафедрасының меңгерушісі; – Жавьясхан Тамаша-Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқытушысы, Қазақстан-Фин магистратурасының түлегі;
– Сыдыкова Бибінұр Қабдығалиқызы – «Семей медицина университеті» КЕАҚ PhD докторанты.

Тұсаукесерге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мейірбике ісін дамыту жөніндегі менеджері А.М. Омашбекова және Алматы қаласындағы 41 амбулаториялық – емханалық ұйымның бас мейірбикелері қатысты.

Өз сөздерінде Омашбекова Арман Машетовна мен Кожаканова Гюльнар Сайлауовна – бас мейірбике, «№ 10 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК дәлелді мейіргерлік практиканы жетілдіру үшін мастер – класстар, семинарлар, семинар-тренингтер өткізу қажеттілігін қолдады, бұл білім беру ұйымдары мен практикалық денсаулық сақтау арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

«Амбулаториялық жағдайда тәуелсіз мейірбикелік Тәжірибе» тақырыбы бойынша келесі семинар – тренинг 2022 жылдың 11 шілдесінен 13 шілдесіне дейін өтеді.