kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Біздің колледждің оқытушысы Алматы қ. әкімі Ерболат Досаевтың қолынан төс белгісін алды

2022 жылдың 18 маусымында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетудің салтанатты рәсімі өтті.

Е. Досаев дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты. Ол бұл мереке Медицина қызметкерінің жұмысының қаншалықты баға жетпес және маңызды екенін еске салатынын атап өтті.

Алматы әкімі өз сөзінде қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және көп бейінді стационарларда жаңа технологияларды енгізуге және т. б. бағдарланатынын айтты.

Мереке құрметіне Алматы денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Карбаева Майране Сейдахметовна – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жоғары санатты оқытушысы, Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды, оны Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тапсырды.

Майран Сейдахметқызының Денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі 52 жылды құрайды. Құрылған күнінен бастап (1981 жылдан бастап) біздің колледжде жұмыс істей жүріп, әртүрлі лауазымдарды атқарды: меңгеруші. директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың м.а. Колледждің бірінші директоры Аяпов Қалқаман Аяповичтің командасында жұмыс істеді, ҚР-дағы мейіргерлік білім беру реформаларының бастамашыларының бірі болды.

М.С. Карбаевамен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Фармакология бойынша оқу құралдары жасалды. Оның медицина кадрларын даярлаудағы сіңірген еңбегі «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» наградаларымен, грамоталармен марапатталды.

Қазіргі уақытта Майране Сейдахметқызы біздің колледждің №4 ЦӘК жұмыс істейді, Латын тілі мен Фармакологиядан сабақ береді, жас оқытушылардың тәлімгері болып табылады.

Колледж ұжымы Майран Сейдахметовнаны құттықтайды! Сіздің жұмысыңызға жауапкершілік пен шығармашылық көзқарасыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге жақсылық, махаббат және бақыт, зор денсаулық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!