23.05.-28.05.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер мен семинар-тренинг өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 23 мамырынан 28 мамырға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Туберкулезге қарсы күрестегі БМСК мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна),
  • «Балалардағы көмейдің стенозы кезіндегі мейіргерлік күтім» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Тогузбаева Динара Еркеновна),
  • «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстарды басқару» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна),
  • «Мейіргерлік тәжірибедегі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологиялары» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна),
  • «Заманауи медициналық оңалтудағы қызмет етудің халықаралық классификациясы (ҚЕХК)» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Андасова Жанар Мурзакалиевна),
  • «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
  • «Клиникалық және өндірістік трансфузиологиядағы мейіргер жұмысы» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Каражигитова Зауреш Булатовна),
  • «Ұсыныстан клиникалық тәжірибеге дейін- синкопальдық жағдай» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габдуалиевна),
  • «Неотложные состояния в акушерстве для бригад ССМП» (кандидат медицинских наук Альмухамбетов Мурат Кадырович),
  • «Клинические протоколы в работе врача ССМП» (преподаватель кандидат медицинских наук, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
  • «Медициналық  жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович),
  • «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
  • «Хирургиялық тәжірибедегі мейіргерлік құзіреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Даукенова Карлыгаш Абдыкалыковна),
  • «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Жубанышева Карлыгаш Биржановна),
  • «Жүктілік және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қауіпті белгілер» (оқытушы «Медицина» мамандығының магистры Баймусанова Гульдана Нурбековна),
  • «Жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды жүргізу: скрининг, біріншілік екіншілік профилактика, оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Нурмаханова Жанна Махмутовна).