kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

11.05.-24.05.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер мен семинар-тренинг өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 11 мамырынан 24 мамырға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Қан қызметіндегі зертханалық зерттеулер» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Каражигитова Зауреш Булатовна),
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы магистр, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна),
  • «ЖКС, ЖИА және жұқпалы емес аурулардағы мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ужегова Елена Борисовна),
  • «Антенатальды күтім» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Раева Роза Мамыровна),
  • «Мейіргерлік аудит. Мейіргерлік көмектің сапасын бағалау» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна),
  • «COVID – 19-мен жұмыс істеу кезінде кәсіби міндеттерді орындауда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Матюнина Ольга Владимировна),
  • «Аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде короновирус инфекциясына күдігі бар науқасты анықтау кезінде жедел медициналық көмек көрсету медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі» (оқытушылар медицина ғылымдарының кандидаты Оспанбекова Найля Куанышбаевна, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дмитровский Андрей Михайлович),
  • «БМСК жағдайында балалардың тыныс алу мүшелері ауруларының үйдегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Умешева Кумискуль Абдуллаевна),
  • «Жұқпалы емес созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы. Клиникалық хаттама: Артериялық гипертензия, СЖЖ» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Камалова Баян Бижановна),
  • «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна),
  • COVID-19 кезендегі қарқынды терапия» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Чурсин Вадим Владимирович),
  • «Жүктілікті көтере алмау, жүктілікке алдын ала дайындалу» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Кошкимбаева Гаухар Джакашевна),
  • «Хирургиялық тәжірибедегі мейіргерлік құзіреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Даукенова Карлыгаш Абдыкалыковна),
  • «Мейіргерлік аудит. Мейіргерлік көмектің сапасын бағалау» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Абабкова Майя Александровна),
  • «Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. Диагностика, емдеу, алдын-алу» (оқытушы Магистр Малбасканов Абзал Дуйсенбекович),
  • «Жүктілік және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қауіпті белгілер» (оқытушы «Медицина» мамандығының магистры Баймусанова Гульдана Нурбековна),
  • «Балалардағы ЭКГ. Қалыпты жағдайдағы және патологиядағы ерекшеліктер» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Давлетгильдеева Зухра Галибовна)