kkru
acollege@yandex.kz +7 (727) 387-10-11

25.04.-30.04.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 25 сәуірінен 30 сәуірге дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «БМСК мейіргері тәжірибесіндегі емхана жағдайында бір жасқа дейінгі балаларға диспансерлік бақылау» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна),
  • «ЖМҚБ-мен ауырғаннан кейін науқастарды жүргізу және оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ужегова Елена Борисовна),
  • «Туберкулезге қарсы күрестегі БМСК мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна),
  • «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
  • «Аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде короновирус инфекциясына күдігі бар науқасты анықтау кезінде жедел медициналық көмек көрсету медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі» (оқытушылар медицина ғылымдарының кандидаты Оспанбекова Найля Куанышбаевна, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дмитровский Андрей Михайлович),
  • «Жұқпалы емес созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы. Клиникалық хаттама: Артериялық гипертензия, СЖЖ» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габдуалиевна),
  • «Хирургиялық практикадағы мейіргерлік күтім» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Даукенова Карлыгаш Абдыкалыковна),
  • «Жүктілікті көтере алмау, жүктілікке алдын ала дайындалу» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Кошкимбаева Гаухар Джакашевна),
  • «Аритмология мәселелерімен бірге клиникалық электрокардиография» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Нурмаханова Жанна Махмутовна),
  • «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна),
  • «Денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникативтік дағдылар» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна),
  • «COVID-19 эпидемиясы кезіндегі БМСК медбикесінің жұмысы» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна),
  • «Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. Диагностика, емдеу, алдын-алу» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Малбасканов Абзал Дуйсенбекович).