kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Отан қорғаушылар күніне орай білім алушыларының арасында сайыс

2022 жылдың 4 мамыры күні Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” КМК 7 Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылғанына 30 жыл толуына байланысты АӘД пән мұғалімдері Рахметжанов М.М және Нүсіпбек А.А ұйымдастыруымен 1 курс білім алушыларының арасында сайыс өтті.

Тартысты, әрі қызықты өткен додаға жалпы 12 команда қатысты. Байқау соңында командаларға І, ІІ, ІІІ орындар және ерекше белсенділігі үшін номинациялар беріліп, білім алушыларды марапаттау ұйымдастырылды.