kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Болашақ мамандыққа ғылыми – зерттеу арқылы бағыттау»

2022 жылғы 31 наурызда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Арнайы пәндер» №4 ЦӘК студенттердің ғылыми шығармашылығын ынталандыру,  медицина және фармация саласында бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мақсатында «Болашақ мамандыққа ғылыми- зерттеу арқылы бағыттау» тақырыбында студенттік ғылыми – практикалық конференция өткізілді. Өткізілген конференцияның мақсаты- пәндік ізденіс үйірмелерінің оқу – зерттеу жұмысының қорытындысы болып табылады.

Конференцияға 16 студент қатысты. Конференция түрлі мамандықтағы студенттердің арасындағы зерттеу нәтижелерімен алмасудың тағы бір алаңына айналды. Студенттер өз баяндамаларында таңдалған тақырып бойынша ізденіс нәтижелерін және атқарылған жұмыс бойынша қорытындыларды ұсынды. Қорғалған баяндамалардың тақырыптары әртүрлі және өзекті болды. Конференцияда қатысушылар арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды, жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

  • Диплом 1 орын – «Мейіргер ісі» 21-11 топ студенттері Илахунова Адилям, Имрахунова Ясмин марапатталды. Тақырыбы: «Короновирус кезеңінде колледж студенттерінің тамақтануын әлеуметтік зерттеу». Жетекшісі Байбекова Б.К.
  • Диплом 2 орын – «Фармация» 20-14 топ студенті Сулейманова Равина марапатталды. Тақырыбы: «Медицинадағы және фармациядағы эфир майлары». Жетекшісі Кленина Т.В.
  • Диплом 2 орын – «Фармация» 20-14 топ студенттері Қожаманова Мадина, Абдрашитова Умида марапатталды. Тақырыбы: «Электрондық темекінің ағзаға әсері». Жетекшісі Ветлугина С.Н.
  • Диплом 3 орын – «Емдеу ісі» 20-03 топ студенттері Ахметова Анел, Кабдул Амир марапатталды. Тақырыбы: «Өз денсаулығыңды бағала». Жетекшісі Карбаева М.С.
  • Диплом 3 орын – «Мейіргер ісі» 20-6 топ студенті Жұмаш Қарлығаш марапатталды. Тақырыбы: «Короновирустан денсаулықты қорғаудың маңызы». Жетекшісі Кожалимова А.А.

Ынталандыру мақсатында номинациялармен марапатталды.

  • «Мамандыққа берілгендігі үшін» Мұхтар Қарақат
  • «Тақырыптың жаңашылдығы» Абитова Элона
  • «Үздік презентация үшін» Пердебаева Жадыра
  • «Көрермен көзайымы» Советбеков Алишер
  • «Ерекше баяндағаны үшін»  Нурадин Еңлік