kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Наурыз 2022

18.03.2022 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК “Армысың, әз-Наурыз!” тақырыбында концерттік бағдарлама өткізді. Біздің қадірлі қонақтарымыз: Сейдуманов Султан Турарович – колледждің бақылау кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, “Эмили»медициналық орталығының директоры. Алимжан Амангелдиевич – бақылау кеңесінің мүшесі. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

1- Наурыз «Алғыс-айту» күні. Бұл жайлы толығырақ колледждің Ғылыми-әдістемелік орталығы, Симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттер орталығы, Кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту орталығы, Кітапхана және Мұрағат бөлімдері көрсетеді.

14 наурыз- “Көрісу күні”, бұл күні адамдар бір-бірін құттықтайды, реніші барлар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрайды. Амал мерекесін Наурыз мейрамынан бөлек қарастыруға болмайды, ол наурыздың алғашқы хабаршысы болып табылады. Бұл жайлы толығырақ «Тәрбие және әлеуметтік жұмыс» бөлімі мен «Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және халықаралық ынтымақтастықты дамыту» бөлімі айтып береді.

5 наурыз – “Жайлау күні”. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған, оны бізге толығырақ № 4 «Арнайы пәндер» циклдық әдістемелік комиссиясы таныстырады.

16 Наурыз-ата-бабалар мен баталарды еске алу күні. Бұл күні мал сойылып, шелпектер дайындалып, ата-бабаларын еске алу үшін дұға оқылады. Бұл дәстүр туралы бізді № 1 Жалпы гуманитарлық пәндер толығырақ таныстырады.

18 наурыз – «Игі істер күні» Дархандық күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігінше бір жақсы іс жасайды екен, Сонымен №3-ші  «Клиникалық пәндер» циклдық әдістемелік комиссиясын біз ортамызға шақырамыз.

19 наурыз – Наурыз мейрамын мерекелеудің бесінші күні «Спорт және шеберлік күні» болып жарияланды және ұлттық спорт түрлеріне арналған. Бұл № 5 «Мейірбике ісі»циклдік әдістемелік комиссиясы көрсетеді.

20 наурыз – «Зияткерлік күні» Бұл күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады.Бізге толығырақ түсініктеме беру үшін сахна төріне Оқу-әдістемелік орталығы, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету бөлімін ортаға шақырамыз.

21 Наурыз – «Ұлттық тағамдар күні». Қазақ халқының тағамдарында халықтың жаны, тарихы, салт-дәстүрлері айнадағыдай көрініс тапқан. Студенттерге қызмет көрсету орталығы, «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Зертханалық диагностика» және «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»бөлімдерінің меңгерушілері ұлттық тағамдар туралы толығырақ айтып, көрсетеді.

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» мерейлі Наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында толығырақ №2 Жалпы кәсіптік пәндер әдістемелік циклы баяндамақ. Мереке құтты болсын!