kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті оқытушысы Тажиев Ербол Елғондыұлының ашық сабағы

2022 жылдың 16 наурызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» циклдік әдістемелік комиссиясының оқытушысы Тажиев Ербол Елғондыұлы «Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік»» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» атты әңгімесі – тілі жеңіл, түсінікті жазылған шығарма. Осы шығарманың негізгі кейіпкерлері – жас жұбайлардың пәтер, баспана мәселесіндегі қиындықтары арқылы автор қысқа ғана әңгімемен өмір шындығын баяндауы. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесі даралау арқылы өмір шындығын көрсету. Көркем шығармадағы заман көрінісін мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: ақпаратты көрнекі түрде беру (презентация), «Концептуалды кесте», Жетім бұрыш – пәтер іздеушілердің орны сурет бойынша әңгімелеу, «Сиқырлы микрофон» әдістерді студенттер 3-топқа бөлініп постермен және интерактивті тақтамен жұмыс жасады.

Топ арасында тәуелсіз сарапшылар тағайындалды. Олар: Манас Ақмарал, Аудиторияда мозайка (үйдің пішіні) арқылы 3 топқа бөлемін («Баспана», «Өз үйім», «Пәтерім»). 1, 2, 3 санымен үш топқа бөлінді. Сабақтың эпиграфы: «Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек» Ахмет Байтұрсынұлы