kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты

2021 жылдың 16 наурызында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК «Дантист» мамандығының және «Қолданбалы бакалаврият» білім алушыларының қатысуымен, сонымен қатар, «Тәрбие және әлеуметтік жұмыс» бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақтың ақыны, рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты өтті. Шараға колледждің 1-2 курс студенттері қатысты.

📚Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
Ақын өмірін білім алушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Білім алушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар беріліп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өмірінен үзінде ретінде сахналық қойылым қойды. Қорытындылау барысында бейнероликтерді тамашалап, викториналық сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Шара қызықты, әрі танымды өтті. Қатысқан қатысушыларға үлкен алғыс!

#АхметБайтұрсынұлы150жыл