kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік»

2022 жылдың 23 ақпанында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” КМК белсенді білім алушыларының қатысуымен Ауған соғысына- 33 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында ауған соғысының ардагері Жұмағали Қырғызбайұлымен сыр сұхбат өтті.

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.Аяулы ағаларымызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз!

Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!