«Кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті ескере отырып оқу процесін модельдеу»

2021 жылдың 01-19 қараша күндері аралығында ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің білім беру бағдарламасы бойынша «TALAP» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті ескере отырып оқу процесін модельдеу» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курсқа Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары да қатысты, әдіс-тәсілдерімен бөлісті, білімдерін толықтырды.

«TALAP» КЕАҚ берген кезекті тапсырмасы бойынша курсқа қатысты   колледжішілік семинар өткізілді, нормативтік құқықтық актілердің түрлерімен таныстырылды, кредиттік оқыту жүйесі туралы түсіндірілді.

Еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген «TALAP» КЕАҚ ұжымына алғысымызды білдіреміз!