kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында бейнероликтер байқауы

2021 жылдың 19-23 қарашасы аралығында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” КМК белсенді білім алушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету және қолдау. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану.

Бейнеролкитер байқауына колледж студенттері белсенді қатысты. Үздік болып таңылған жұмыстарды І, ІІ, ІІІ -дәрежелі дипломдармен тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай желтоқсанда марапатталады. Қатысқан барша студенттерге алғыс білдіре келе, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!