kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында дебаттық турнирі

2021 жылдың 3 қарашасында  Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК «SANALY URPAQ» ұйымының ұйымдастыруымен студенттер арасында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында дебаттық турнир өтті. Жарыссөзге «SANALY URPAQ» студенттік клубының қатысушылары және колледждің 1-2 курс студенттері қатысты.

Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен әлеуметтік – рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету және білім алушылардың бойында елге деген ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Сайыс қорытындысы бойынша «Емдеу ісі» мамандығының 21-15 топ студенті Балтабек Айым және «Мейіргер ісі» мамандығының 21-5 топ студенті Ақерке Ажибек ерекше ойын көрсетіп,  жеңіске жетті.

Келесі дебат ойындарында сәттілік!