kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онлайн-дәрісі

22.10.2021ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» студенттер арасында ZOOM платформасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онлайн-дәріс өткізілді.

Дәріс беруші Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, дінтанушы, PhD докторы Динара Сахибовна Утебаева болды. Дәріс барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың байланысы туралы айтылды.

Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің, оның ішінде құқықтық сананы, отбасы мен қоғамда толерантты дәстүрлерді орнатудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың жалпы саны 300 адамды құрады.