kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Worldskillss Almaty 2021» аймақтық чемпионаты

27-28 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Worldskillss Almaty 2021 аймақтық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Алматы қаласының бес колледжінің студенттері қатысты:
• «Аяжан» медициналық колледжі – Аксауле Онгдасынкызы Мухамбет;
• «Интердент» жоғары медициналық колледжі – Наргиля Шамильевна Чедлидзе;
• «РЖМК» жоғары медициналық колледжі – Мақпал Бектұрсын;
• «Эмили» медициналық колледжі – Елдана Төрехан;
• Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – Самал Аскарқызы Рысқұл.

Қатысушылардың кәсіби дағдыларын компатриот – сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде колледж оқытушылары мен денсаулық сақтау мекемелерінің бас медбикелері бағалады.

Тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды көрсету модульдерде өтті: күндізгі күтім, үйде күтім, стационарлық көмек.