27-28 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Worldskillss Almaty 2021 аймақтық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Алматы қаласының бес колледжінің студенттері қатысты:
• «Аяжан» медициналық колледжі — Аксауле Онгдасынкызы Мухамбет;
• «Интердент» жоғары медициналық колледжі — Наргиля Шамильевна Чедлидзе;
• «РЖМК» жоғары медициналық колледжі — Мақпал Бектұрсын;
• «Эмили» медициналық колледжі — Елдана Төрехан;
• Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК — Самал Аскарқызы Рысқұл.
Қатысушылардың кәсіби дағдыларын компатриот — сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде колледж оқытушылары мен денсаулық сақтау мекемелерінің бас медбикелері бағалады.
Тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды көрсету модульдерде өтті: күндізгі күтім, үйде күтім, стационарлық көмек.