kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Тіл – халық қазынасы

20.09.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Тіл-халық қазынасы» атты тілдер апталығының ашылуы өтті.

Мақсаты: студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тілдер мерекесінің ашылуына орай өткізілген тәрбие сағатында студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандыққа, туған жеріне, атамекіне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.